2001 жылы жасалған әдіс-тәсілге ұпай беру жүйесін ұлттық терминдермен ауыстыру туралы Жаналинге ұсыныс жасалынды. Техникалық әрекеттер үшін берілетін ұпай орнына «бүк», «жамбас», «жартылай жеңіс», «таза жеңіс» сөздерін қолданыла басталды. «Баста», «Тоқта» терминдері айналымға енді.
Қазақ күресі тік тағанда жүргізіледі. Аяққа өтуге тыйым салынады. Береннің жеңі мен белдеуден қармауға болады. Белбеу күресі тәсілдері рұқсат етілген. Қолды қағып жіберуге, жамбас тәсілдері арқылы аяғын іліп алуға болады. Тіземен
кілемге тиюге болмайды, бұған қатысты алдын-алу ескерту береді.
Қазақ күресі техникасы бойынша грузин (чидаоба), татар (
куреш) және өзбек күресімен (
кураш) ұқсас. Қазақ күресінің тәсілдері самбо техникасына енгізілген. Көбіне қазақ күрес балуандары самбо,
дзюдодан әртүрлі жарыстарға қатысады.