Қазақстандағы грек-рим күресі XX ғасырдың екінші жартысынан бастап жаппай дами бастады.
Бірақ одан бұрын да
Қ.Мұңайтпасов, В.Ярков сияқты жекелөнген балуандар болды. Көз көргендердің айтулары бойынша республиканың алғашқы чемпионаты
1934 ж. өткізіліпті. Алматыда күрестен спорт мектебі
1936 ж. ашылған. Қазақстандықтар Бүкілодақтық жарысқа тұңғыш рет
1947 ж. қатысты. Сонда Б. Елқондиев, А. Сыздықов т.б. балуандар республиканың спорттық намысын қорғады.
1948 жылдан Қазақстан чемпионаты өткізіліп келеді.
Қазақстандағы грек-рим күресінен қазақстандық
А. Колесов тұңғыш рет
КСРО чемпионы болды (
1959)....
1966 ж. Эссен қаласында еткізілген жарыста
В. Бакулин Еуропа чемпионы атанып,
1968 ж. Мексика олимпиялық ойындарда күміс медальды жеңіп алды.
А. Назаренко мен
В. Резанцев КСРО-ның, Еуропаның және дүниежүзінің чемпионы атанды. Бұлар
1972 ж. Мюнхен олимпиялық ойындарда алтын және күміс медальдармен оралды.
Сондай-ақ,
1970 ж. Жапонияда еткізілген дүниежүзінің жастар арасындағы Әлем чемпионатында чемпионатында Н. Лященко, Қ. Ахметов, А. Бытков жеңімпаз атанды. Ал алғашқы чемпиондардың есімдері
1937 жылдан белгілі.
2003 ж. Алматыда Әлем кубогы үшін жарыс өтті. 2003 ж. Азия кубогын республиканың құрама командасы жеңіп алды. Республиканың атақты балуандарының қатарына А.Колесов, В.Анесимов, В.Ракулин, В. Резанцев, А.Назаренко,
А. Быков, Ш.Серков,
Ж.Үшкемпіров,
Д. Тұрлыханов, Қ.Байсейітова, М.Манукян,
Ю.Мельниченко,
Г.Цурцумия және т.б. жатады.