Қазақша күрес
Ұлттық қазақша күрестің ерекшеліктері
Қазақ күресі — Еуразия құрлығындағы барлық дәстүрлі күрес түрлерінің синтезінің нәтижесі болып табылатын қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнері халық арасында үлкен сұранысқа ие. Қазақ күресі 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді.
2016 жылы ЮНЕСКО толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақ күресін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.


Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақ күрес күш жетілдіретін спорт. Қазақ күресінде адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады.
Балуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.


Күресетін балуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, ал салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады.
Қазақ күресі аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.
Бұрын қазақ күресінде жас, салмақ шектеулері ескеріле бермейтін. Қазіргі уақытта осы спорт түрінде бірыңғай спорт киімі – берен және күрес жүргізу техникасына қатысты белгіленген белгілі бір ережелер бар. Қазақ күресінен балуанның киімі самбошы киімімен біршама ұқсас. Самбодан айырмашылығы, қазақша күресте шапан қысқа жең, иықтарында шағын жапсырмалары бар (ұстасу үшін). Кеудеше аса берік материалдан тігіледі.
Белден және белден жоғары кез келген ұстасуға рұқсат етіледі. Ұстасудың мақсаты — қарсыласының жауырынына тастау.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website